АҚШ-та коронавирусқа шалдыққан 1300-ден астам адам көз жұмды
Нау 27, 2020 19:27 Asia/Almaty
Джонс Хопкинс университеті АҚШ-та коронавирусқа шалдыққан 1300-ден астам адамның көз жұмғанын хабарлады.
Al Jazeera телеарнасының мәліметінше, АҚШ-тағы коронавирусқа шалдыққандар мен оның салдарынан өлгендерінің санын жариялайтын Джонс Хопкинс университеті жұма күні коронавирус салдарынан 1301 адамның өлгенін жариялады. Бұл мәлімет бойынша, АҚШ-тағы коронавирусқа шалдыққандардың саны әлемнің басқа елдерінен артып, 85 612 адамға жетті. Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо да: «Эпидемияның таралуына байланысты штаттың үкіметтік ауруханалары науқастарға толады, бірақ медициналық құралдар жеткіліксіз» деді.
Тегтер