Трамп коронавируспен күресу үшін мүмкіндіктерінің тапшылығын мойындады
(last modified Mon, 30 Mar 2020 12:49:50 GMT )
Нау 30, 2020 18:49 Asia/Almaty
  • Трамп коронавируспен күресу үшін мүмкіндіктерінің тапшылығын мойындады

АҚШ Президенті бір баспасөз конференциясында кейбір тапшылықтарға байланысты елінің қиындыққа ұшырап отырғанын мәлімдеді.

Al-Jazeera телеарнасының дүйсенбі күнгі хабарлауынша, Дональд Трамп АҚШ-тағы дағдарыс комитеті мүшелерімен өткізген ортақ баспасөз конференциясында осы елдің кейбір ауруханаларында медициналық құрал-жабдықтар мен тыныс алу аппараттарының жетіспейтінін хабарлады.

АҚШ Президенті: «Нью-Йорк штатына 5032 тыныс алу аппаратын береміз. Ел бойынша бұл штатта коронавирустан қаза болғандардың саны жоғары»,-деді.

Трамп 100-200 мыңға жуық америкалықтың коронавирустан қаза табу ықтималын айтып, әлеуметтік қашықтықты сақтау ережесін 30 сәуірге дейін ұзартты.

АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде көш бастап тұр. Соңғы статистикалық мәлімет бойынша,  бұл елде 138908 адам вирусқа шалдығып, 2438 адам көз жұмды.