АҚШ медицина саласының басшылары елінде коронавирустан 100 мың адамның қаза табатынын ескертті
АҚШ-тың Жұқпалы аурулар және аллергия ұлттық институтының басшысы COVID-19 вирусынан 100 мың адамның қаза табатынына дайын болу қажеттігін мойындады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Жұқпалы аурулар және аллергия ұлттық институтының басшысы Энтони Фаучи сейсенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамптың қатысуымен өткен баспасөз отырысында: «Адамдар ауруға шалдығып, өліп жатыр. Алдағы 30 күнде не болатынын көреміз.
Коронавирустың таралуына байланысты алдағы 2 апта өте қиын болмақ»,-деді.
Ақ үйдің медициналық істері бойынша үйлестірушісі Дебора Брикс осы отырыста бұл вирусқа қарсы ешқандай сиқырлы вакцина немесе дәрі жоқ екенін айтты.
АҚШ-та коронавирусқа шалдыққандар саны 200 мыңға жетті.