АҚШ-та медициналық құрал-жабдық тапшы
https://itolqyn.com/news/world-i46176-АҚШ_та_медициналық_құрал_жабдық_тапшы
Нью-Йорк, Луизиана мен Нью-Джерси штаттарының басшылары коронавирустың таралуының үдей түскенін және медициналық құрал-жабдықтардың таусылғанын ескертті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 03, 2020 19:05 Asia/Almaty
  • АҚШ-та медициналық құрал-жабдық тапшы

Нью-Йорк, Луизиана мен Нью-Джерси штаттарының басшылары коронавирустың таралуының үдей түскенін және медициналық құрал-жабдықтардың таусылғанын ескертті.

CNN телеарнасының хабарлауынша, Нью-Джерси штатының демократ басшысы Фил Мерфи: «Бұл штатта жеке басты және медперсоналды қорғау құралдары мен аурухана төсектері тұрғысынан тапшылық байқалады»,-деді.

Нью-Йорк штатының мэрі Andrew Cuomo АҚШ үкіметінің медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге шамасы жететініне күмән білдіріп, штаттағы тыныс алу аппараттары тек алты күнге жетеінін ескертті.  

АҚШ-тың Луизиана штатының мэрі Джон Белл Эдвардс коронавируспен күресуге қажет медициналық құрал-жабдықтардың жуырда таусылатынын ескертіп, штатта тек өткен 24 сағатта COVID-19 вирусын жұқтырған 2700 адам тіркелгенін айтты.  

АҚШ-та коронавирус құрбандарының саны 6 мыңнан асты.