АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандардың саны ресми статистикадан жоғарырақ
https://itolqyn.com/news/world-i46217-АҚШ_та_коронавирустан_көз_жұмғандардың_саны_ресми_статистикадан_жоғарырақ
The Washington Post газеті АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар санының ресми статистикадан жоғарырақ екенін хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 06, 2020 17:27 Asia/Almaty
  • АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандардың саны ресми статистикадан жоғарырақ

The Washington Post газеті АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар санының ресми статистикадан жоғарырақ екенін хабарлады.

The Washington Post газеті АҚШ-тың медициналық мамандарының мәліметіне сілтеме жасап, ел үкіметінің коронавирустан көз жұмғандарға қатысты статистикасына тоқталып: «Вирустың тез таралуы ешқашан ешбір тізімге алынбаған көптеген америкалықтардың көз жұмуына себеп болғаны анық»,-деп жазды.

Осы мәліметке сәйкес, АҚШ-тағы аурулардың алдын алу және бақылау орталықтары тек зертханаларда оң нәтижесі расталып, тіркелген адамдардың қазасын жариялайды.

Ресми статистикаға сәйкес, осы күнге дейін АҚШ-та 336 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып, олардың 9600-ден астамы көз жұмды.