ДДСҰ коронавирус пандемиясы салдарынан әлем экономикасының құлдырайтынын ескертті
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) бас директоры коронавирус пандемиясының адамзат тарихындағы ең үлкен экономикалық тоқырауға себеп болуы мүмкін екенін ескертті.
Euronews-тің хабарлауынша, ДДСҰ-ның бас директоры Роберто Азудо: «Коронавирус пандемиясы 2020 жылы сауданың 13-32 пайызға төмендеуіне соқтырады. Қалыпты жағдайға оралу эпидемияның аяқталуына байланысты болады. 2020 жылғы қаржы нарығының тоқырауы 2008 жылдағы экономикалық дағдарыстан күштірек болады, сондықтан егер барлық мемлекеттер ынтымақтастық жасаса, 2021 жылы бұрынғы қалыпқа келу үдерісі басталуы мүмкін. Әлемнің бүкіл елдері 2020 жылы экспорт пен импорттың төмендеуімен бетпе-бет келеді. Солтүстік Америка мен Азияға қатты соққы тиеді»,- деп мәлімдеді.