Еуразия экономикалық одағы Иранмен қарым-қатынасын кеңейтеді
https://itolqyn.com/news/world-i46274-Еуразия_экономикалық_одағы_Иранмен_қарым_қатынасын_кеңейтеді
Еуразия экономикалық одағының сауда министрі бұл одақтың Иранмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын әрі мүдделі екенін мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 10, 2020 20:48 Asia/Almaty
  • Еуразия экономикалық одағы Иранмен қарым-қатынасын кеңейтеді

Еуразия экономикалық одағының сауда министрі бұл одақтың Иранмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын әрі мүдделі екенін мәлімдеді.

IRNA агенттігінің жұма күнгі мәліметі бойынша, Андрей Слепнев Ресейдегі Иран елшісі  Казем Джалалиге телефон шалып, Иран Ислам  Республикасының коронавирусқа қарсы жаһандық күрес жағдайында АҚШ санкцияларын қисынсыз санаған ұстанымын қолдап:  «ЕЭО Иранның коронавируспен күреске қатысты шараларын қолдайды. Иранның осы жолдағы қажеттіліктері туралы  мүше мемлекеттерге ақпарат беруге дайын»- деді.

Ресейдегі Иран елшісі Казем Джалали телефон арқылы сұхбатта Иранның Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттермен арадағы  келісімдердің ережелерін шынайы орындайтынын қуаттап,   екі жақ арасындағы сауданы дамыту үшін қолда бар мүмкіндіктерді барынша пайдалануға шақырды.