OXFAM Йеменде коронавирустың таралуы туралы ескертті
Халықаралық медициналық көмек ұйымы (OXFAM) Йеменде коронавирустың таралуы туралы ескертті.
«Аль-Құдс Аль-Араби» трансаймақтық газетінің хабарлауынша, Халықаралық медициналық көмек ұйымы (OXFAM) өз мәлімдемесінде Йеменде коронавирустың алғашқы жайты тіркелгенін, бұл жағдайдың тиісті санитарлық мүмкіндіктердің болмауынан зардап шегіп отырған Йеменге ауыр соққы екенін хабарлады.
Мәлімдемеде айтылғандай, Йеменде 17 миллионнан астам адамның таза суға қолы жетпей отыр. Миллиондаған йемендік босқындар лагерлері мен халық тығыз орналасқан жерлерде тұрады.
OXFAM Йемендегі медициналық мекемелердің тек жартысы ғана толық қуатта жұмыс істейтінін, дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар мен медперсонал тұрғысынан айтарлықтай тапшылық барын ескертті.