БҰҰ-дағы Иранның өкілдігі: Санкциялар – коронавирустың бесінші бағаны
БҰҰ-дағы Иран өкілдігі санкцияларды COVID-19 вирусының бесінші бағаны деп атап: «Дағдарыспен күрес жағдайындағы бір халықтың күш-қабілетін шектейтін кез келген амал бұл аурудың таралуы мен оған қарсы жаһандық күрестің әлсіреуіне соқтырады»,-деп мәлімдеді.
БҰҰ-дағы Иран өкілдігі коронавируспен күресу үшін бүкіл әлем елдерінің бірлесе талпыну қажеттігіне тоқталып: «Иран коронавирустың ең ауыр жағдайын бастан өткеріп жатқанда АҚШ санкциялары Иранның вирустың алдын алу, вирус жұқтырғандарды анықтау және емдеу талпыныстарына қатты кедергі болып отыр»,-деді.
БҰҰ-дағы Иран өкілдігі өз баяндамасында америкалық басшылардың ақлаққа жат заңсыз санкциялардың ұятынан құтылу үшін бұрынғыдай гуманитарлық және медициналық қажеттіліктердің санкциядан босатылғанын айтқанына тоқталып: «АҚШ Қаржы министрлігі 2020 жылдың 27 ақпанында көп дау-дамаумен Швейцария гуманитарлық сауда келісімін (SHTA) қорытындылап, Иранмен кейбір гуманитарлық тауарлар саудасына рұқсат берді. Бұған қарамастан бұл тар желі қазіргі жағдайда Иранның гуманитарлық қажеттіліктеріне сәйкес келмейді»,-деді.