Трамп АҚШ-та коронавирус құрбандары санының артуын ақтады
(last modified Tue, 14 Apr 2020 11:10:41 GMT )
Сәу 14, 2020 17:10 Asia/Almaty
  • Трамп АҚШ-та коронавирус құрбандары санының артуын ақтады

АҚШ Президенті елінде коронавирус құрбандары санының артуына байланысты сөзінде халық санымен салыстырғанда науқастар санын төмен деп атады.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Дональд Трамп дүйсенбі күні күн сайынғы баспасөз отырысында еліндегі коронавирусқа шалдыққандар санының артуына байланысты: «АҚШ-та коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың саны басқа елдермен салыстырғанда және ел халқының санына шаққанда төмен»,- деді. Трамп сондай-ақ New York Times газетінің оның коронавирус таралуының алдын алу жұмыстарын кешіктіргені туралы мәлімдемесіне реакция білдіріп: «New York Times газетінің алдағы 5 жылда банкротқа ұшырап, жабылғанын көруді армандаймын. Бұл газет мен және менің хабарларымсыз әлдеқайда бұрын жабылатын еді»,- деді. АҚШ-та коронавирусқа шалдыққандар саны 587 мыңнан, қайтыс болғандардың саны 23644 адамнан асты.