Трамп Иранға қарсы уәждерін қайталады
(last modified Sun, 19 Apr 2020 11:16:03 GMT )
Сәу 19, 2020 17:16 Asia/Almaty
  • Трамп Иранға қарсы уәждерін қайталады

АҚШ Президенті Иранға қарсы ұстанымдарын қайталап, бұл елдің бұрынғыдан өзгергенін айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Дональд Трамп сенбі күні Иранның диалогты қалайтыны туралы уәждерін қайталап, АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Керриді Теһран мен Вашингтонның тағы бір келісімге келуін қаламайды деп айыптады.

Дональд Трамп Иранға қарсы уәждерінің жалғасында: «Теһранмен ядролық келісімді зиянды болған соң тоқтаттым»,-деді.

АҚШ Президенті өзі Ақ үйге келген кезде Иран бүкіл Батыс Азия аймағын басып алу үшін әрекет етіп жатса, қазір тек тірі қалуды ойлап отыр деген уәж айтты.

Трамп коронавирус таралған жағдайда АҚШ-тың Иран халқына қарсы экономикалық терроризмін назарға алмастан: «Өтініш білдірген жағдайда оларға көмек берілсін деп ұсыныс жасадым»,-деді.

Америкалық басшылардың көбі мен халықаралық ұйымдар АҚШ санкцияларының Иранға дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдық жіберуге кедергі болып отырғанын мойындаған жағдайда АҚШ Президенті Иранға медициналық көмек беру туралы уәж айтты.