Иран коронавируспен күрестегі тәжірибесімен Әзірбайжанмен бөлісуге дайын
ИИР Президенті Рухани Әзірбайжан Президенті Илһам Әлиевпен сөйлесіп, Ислам республикасындағы коронавирусқа қарсыласу саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып, Теһранның осы саладағы тәжірибелерімен іргелес дос елдермен бөлісуге дайын екенін мәлімдеді.
Хасан Рухани дүйсенбі күні Илһам Әлиевпен телефон арқылы сұхбатта екі елдің достық қарым-қатынасын қуаттап: «Теһран мен Бакудың соңғы кездегі ынтымақтастығы Иран мен Әзірбайжанның қиын күндері бір-бірінің қасында екенін көрсетті»,- деді.
Әзірбайжан Президенті де коронавирусқа қарсы еліндегі шараларға тоқталып: «Коронавирустың таралуыынң алдын алу үшін қатынасқа шектеу қойылуына қарамастан екі ел арасында жүк тасымалы жалғасуда»,- деді. Илһам Әлиев Иранның коронавируспен күресіне назар аударып: «Ислам республикасы денсаулық сақтау бойынша мықты жүйеге ие. Баку Иранның коронавируспен күрестегі тәжірибесін пайдалануға дайын»,- деді.