Иран мен Ресей Президенттері Теһран-Мәскеу ынтымақтастықтарын нығайтуға келісті
https://itolqyn.com/news/world-i46431-Иран_мен_Ресей_Президенттері_Теһран_Мәскеу_ынтымақтастықтарын_нығайтуға_келісті
Иран мен Ресей Президенттері Теһран-Мәскеу ынтымақтастықтарын жан-жақты нығайтып, екіжақты келісімдерді іске асыруды қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 22, 2020 15:02 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей Президенттері Теһран-Мәскеу ынтымақтастықтарын нығайтуға келісті

Иран мен Ресей Президенттері Теһран-Мәскеу ынтымақтастықтарын жан-жақты нығайтып, екіжақты келісімдерді іске асыруды қуаттады.

Хасан Рухани сейсенбі күні Владимир Путинмен телефон арқылы сұхбатта АҚШ-тың Иранға қарсы заңсыз санкция салып, Халықаралық валюта қорына Иранға несие беруге кедергі жасауына тоқталып: «Қазіргі кезде әлемнің бүкіл мемлекеттері қиын жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Сондықтан бұл жағдайда дос мемлекеттер ынтымақтастық пен достық қарым-қатынаста болуы керек»,- деді. Рухани АҚШ пен сионистік режимнің аймақтағы кейбір арандатушылық әрекеттерін еске салып, Теһран-Мәскеудің аймақ мәселелері жөніндегі ынтымақтастықтары мен келіссөздерін кеңейтуді, «Астана үдерісі» негіздері бойынша Иран, Ресей және Түркия басшыларының кеңесуін жалғастыруды қуаттады.  

Владимир Путин де АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларына тоқталып, бұл әрекетті адам құқықтарын бұзу деп атап: «Өкінішке орай, Батыста адам құқығы туралы көп айтылғанымен олардың істері сөздерінен өгеше»,- деді.