Иран мен Ресей Президенттері Теһран-Мәскеу ынтымақтастықтарын нығайтуға келісті
Иран мен Ресей Президенттері Теһран-Мәскеу ынтымақтастықтарын жан-жақты нығайтып, екіжақты келісімдерді іске асыруды қуаттады.
Хасан Рухани сейсенбі күні Владимир Путинмен телефон арқылы сұхбатта АҚШ-тың Иранға қарсы заңсыз санкция салып, Халықаралық валюта қорына Иранға несие беруге кедергі жасауына тоқталып: «Қазіргі кезде әлемнің бүкіл мемлекеттері қиын жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Сондықтан бұл жағдайда дос мемлекеттер ынтымақтастық пен достық қарым-қатынаста болуы керек»,- деді. Рухани АҚШ пен сионистік режимнің аймақтағы кейбір арандатушылық әрекеттерін еске салып, Теһран-Мәскеудің аймақ мәселелері жөніндегі ынтымақтастықтары мен келіссөздерін кеңейтуді, «Астана үдерісі» негіздері бойынша Иран, Ресей және Түркия басшыларының кеңесуін жалғастыруды қуаттады.
Владимир Путин де АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларына тоқталып, бұл әрекетті адам құқықтарын бұзу деп атап: «Өкінішке орай, Батыста адам құқығы туралы көп айтылғанымен олардың істері сөздерінен өгеше»,- деді.