Трамп АҚШ-тың мұнай-газ өнеркәсібін жандандыруға уәде берді
(last modified Wed, 22 Apr 2020 14:46:51 GMT )
Сәу 22, 2020 20:46 Asia/Almaty
  • Трамп АҚШ-тың мұнай-газ өнеркәсібін жандандыруға уәде берді

АҚШ-тағы мұнай дағдарысы мұнай бағасының бұрын-соңды болмаған деңгейде құлдырауымен жаңа кезеңге енді. Бүгінде қазіргі кездегі жағдайдан құтылу жолында талпыныстар күшейіп, Трамп үкіметінен бұл салада шынайы әрекет жасау туралы сұраныс артты.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Twitter-дегі парақшасында АҚШ-тағы мұнай бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейде төмендеуіне реакция білдіріп: «Біз мұнай-газ өнеркәсібімізге құлдырауға рұқсат етпейміз. Қаржы және Энергетика министрлеріне бюджетті қамтамасыз етіп, маңызды компанияларымыз бен жұмыс орындарын ұзақ уақытқа сақтап қалуды бұйырдық»,- деп жазды. АҚШ-тағы мұнай бағасы құлдырауының себебі мұнай қорларының толық болуы деп жарияланғанымен өткен айлардағы өзгерістер, сондай-ақ, COVID-19 коронавирус пандемиясының мұнай сұранысын төмендеткен жағдайда әсіресе Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы мұнай бағасының басындағы соғыс та өз үлесін қосқан келесі бір себеп болды. Мәскеу мен Рияд арасындағы мұнай соғысы жоғары деңгейге жеткен кезде бұл соғыстың АҚШ-тағы тақтатасты мұнай өндіретін компанияларға теріс әсерін тигізген соң бұл соғысты тоқтатуды сұрады.  Сөйтіп ОПЕК+ мүше елдердің төтенше отырысынан кейін АҚШ пен Канаданың мұнай өндірісін төмендетуді қабылдауымен бірге шамамен 10 миллион баррельге азайтуға шешім қабылданды. Трамп Мәскеу мен Рияд арасындағы мұнай соғысын тоқтатуды сұрағанымен бұдан бұрын бұл қайшылықты қолдаған болатын. Трамптың көзқарасы бойынша қазіргі жағдай сайлау жылындағы оның рейтингінің артуына себеп болмақ еді. Мұнай бағасының құлдырауы АҚШ-тың тақтатасты мұнай компанияларына зардап келтірді. Сондықтан бұл компаниялар өз лоббилерін пайдаланып, бұл жағдайдың жалғасуының алдын алу үшін Трамп үкіметіне қысымын арттырды. Тақтатасты мұнай компанияларының жағдайы нашарлап, олардың банкроты басталған кезде АҚШ-тың  мұнай өндіретін компаниялары Трампқа хат жіберіп, мұнайдың күрт құлдырау себептеріне тоқталып, бұл тұрғыдағы Қытайдың рөлі туралы уәж айтып, бұл салада ескерту жасады. Бұл компаниялар Трампқа Бейжіңнің өткен 2 жылда АҚШ-тан 52,4 миллиарда долларға мұнай сатып алу уәдесін орындамағанын, қазіргі кезде Қытайдың бұл әрекетіне қатаң шара қолдау қажеттігін қуаттады. Қазір Трамп үкіметінен АҚШ-тың тақтатасты мұнай компанияларына қаржылай көмек көрсетіп, мұнай өндірушілер көріп отырған қысымдарын азайтып, Қытайға АҚШ-тан мұнай сатып алуы үшін қысымды күшейту күтілуде.