Трамп күнделікті баспасөз конференциясын өткізбейтін болды
(last modified Sun, 26 Apr 2020 12:01:51 GMT )
Сәу 26, 2020 18:01 Asia/Almaty
  • Трамп күнделікті баспасөз конференциясын өткізбейтін болды

АҚШ ақпарат құралдарында осы ел басшысының коронавирусты жою үшін дезинфекциялық ерітінді егу туралы сөздерінен туындаған жанжалдан соң Трамп күнделікті баспасөз конференциясын өткізбейтінін мәлімдеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп Твиттердегі жазбасында бұдан былай Ақ үйде күнделікті баспасөз конференциясын өткізбейтінін хабарлады.

Баспасөз конференциясы соңғы екі айда күн сайын өткізілетін. Трамп онда өз үкіметінің коронавирустың таралуымен күресу үшін жасап жатқан шараларын баяндайтын.

Трамп Твиттердегі жазбасында: «БАҚ өкілдері жауластық сипаттағы сұрақтардан басқа ештеңе сұрамаса, Ақ үйде баспасөз конференциясын өткізу не үшін керек? Олар статистикалық мәліметтерді тіркейді, бірақ АҚШ халқы жалған ақпараттан басқа ештеңе алмайды. Олар бөлінген уақыт пен жасалған талпыныстардың құнын білмейді»,-деп жазды.

Нью-Йорктегі АҚШ Денсаулық сақтау миистрлігінің улы заттарды бақылау орталығы сенбі күні: «Сәуірдің 24-25 күндері 30 адам дезинфекциялық заттардан улану салдарынан ауруханаларға жеткізілді»,-деп мәлімдеді.