АҚШ-тың араласушылық әрекеттері аймақтағы қауіпсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылықты бұзады
ИИР Президенті Рухани АҚШ-тың Батыс Азиядағы араласушылық әрекеттерінің аймақтағы қауіпсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылықты бұзатынын мәлімдеді.
ИИР Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесіп: «Иран үшін аймақ пен аймақ суларының қауіпсіздігі өте маңызды. Бірақ АҚШ-тың қатерлі әрекеттері Парсы шығанағы аймағының тұрақтылығын бұзуы мүмкін»,- деді. Рухани Қытай үкіметінің АҚШ-тың залым және заңсыз санкцияларына байланысты ұстанымына алғыс айтып: «Қазіргі әлем кейбіреулердің адамгершілікке жат заңсыз санкцияларын жалғастыратын емес, барша бір-бірінің көмегін қажет ететін жағдаймен бетпе-бет келді»,- деді.
ҚХР Төрағасы да АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары мен «мейлінше қысым» көрсету саясатын жалғастыруын айыптап: «Өкінішке орай, кейбір мемлекеттер бұл жағдайдан пайда көруді көздеуде»,- деді.