АҚШ-та коронавирус науқастарының саны 7 таңбалы санға жетті
https://itolqyn.com/news/world-i46535
Worldometers-тің мәліметі бойынша, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны 7 таңбалы санға жетіп, 1 миллион адамнан асты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 28, 2020 20:20 Asia/Almaty
  • АҚШ-та коронавирус науқастарының саны 7 таңбалы санға жетті

Worldometers-тің мәліметі бойынша, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны 7 таңбалы санға жетіп, 1 миллион адамнан асты.

 

Fars News агенттігінің хабарлауынша, аталмыш сайттың статистикасы бойынша Америкада коронавирус құрбандарының саны 56 мыңнан асты. АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті және 2020 жылғы президенттік сайлаудағы демократтардың үміткері Джо Байден: «АҚШ қазіргі кезде коронавирус эпидемиясының орталығына айналды. Коронавирусты жұқтырғандар мен соның салдарынан қайтыс болғандардың ең көп саны осы елге тиесілі»,- деді. АҚШ-тағы   коронавирус пандемиясының дағдарысы   Дональд Трамптың рейтингінің күрт төмендеуіне себеп болды. USA Today пен Suffolk University жалпыұлттық сауалнамасы оған қатысқандардың 44 пайызының Байденді,    38 пайызының Трампты қолдайтынын көрсетті.