«Барынша қысымның» жеңіліс табуынан Помпеоның бос қиялына дейінгі «Ортақ қадам»
(last modified Thu, 30 Apr 2020 12:58:11 GMT )
Сәу 30, 2020 18:58 Asia/Almaty
  • «Барынша қысымның» жеңіліс табуынан Помпеоның бос қиялына дейінгі «Ортақ қадам»

БҰҰ-дағы ИИР өкілі АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту талпынысын Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы деп атады.

Маджид Тахтраванчи сәрсенбі күні АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысы бар екені туралы уәжінің тарихи сайқымазақ екенін айтып: «АҚШ ядролық келісімнен шығу арқылы №2231 қарарын да, осы келісімдегі өз міндеттемелерін де бұзды»,-деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту үшін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын пайдалануға талпынысы түрлі реакцияға ұшырады. Ядролық келісімде Иранға қарсы қару-жарақ санкциясы 5 жылдан кейін тоқтатылады деп белгіленген.  

АҚШ-ның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзартуға талпынысы Ақ үйді соғысқұмар саясаткерлер басып алғанын көрсетеді. Бұл америкалық қастандық жобасының құқықтық негізі жоқ. Қару-жарақ санкциясы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына сәйкес 2020 жылдың 18 қазанында тоқтатылуы тиіс.

АҚШ 2018 жылдың 8 мамырында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, Иранға қарсы санкцияларды қайтаруымен бір мезгілде бұл елге «барынша қысым жасау» саясатын күн тәртібіне қойды. Бірақ Иран стратегиялық сабыр және қырағы саясаттың арқасында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелеріне табандылығын сақтап қалды. Сөйтіп, АҚШ-тың ядролық келісімнен шыққаннан кейінгі жобасы жеңіліс тапты.

Қазіргі таңда АҚШ «барынша қысым» саясаты жеңіліс тапқаннан кейін әлі де өзін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ел санап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын пайдаланып, жаңа жобасын ілгерілетуді көздеп отыр.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф өткен дүйсенбі күні Помпеоның «барынша қысым» саясатының масқара жеңілісінен кейін қазір «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының серіктесі болғысы келетініне тоқталып, америкалықтарға: «Бос қиялдауды доғарыңыздар. Иран халқы әрдайым өз тағдырын өзі шешеді»,-деді.

АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде 2020 жылдың 18 қазанынан кейін  Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзартуды мына сылтаумен алға тартып отыр:  АҚШ – әлі де БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарының мүшесі. Сондықтан бір жағынан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының серіктесі саналады.

Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасымен қатар күшіне енген  №2231 қарарға сәйкес бес жылға дейін қару-жарақ сатып алу құқығынан айырылды. Алайда бұл шектеу 2020 жылдың 18 қазанында аяқталады. Осындай жағдайда университет ұстазы әрі халықаралық істер жөніндегі сарапшы Ахмад Нағибзаденің айтуынша, АҚШ-тың өзін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бір бөлігі санауында ешқандай құқықтық негіз жоқ.

АҚХА-ның есептеріне сүйенсек,  Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін сақтап келеді. Осы ядролық келісімнің 36 және 37-ші баптарына сәйкес қайшылықтарды шешуге бағытталған механизмді іске қосуға ешқандай заңды және құқықтық  негіз жоқ.