Германия экономика саласындағы жұмыстарын жандандыруға кірісті
Германия канцлері коронавируспен күресу үшін енгізген бірнеше апталық шектеулерден кейін елде жұмыс орындарын "қайта ашу" жобасын жариялады.
CNN телеарнасының хабарлауынша, Германия канцлері Ангела Меркель: «Әлеуметтік қатынастарға қойылған шектеулер 5 маусымға дейін сақталады. Енді германдықтар өз туған-туыстары және басқалармен кездесе алады.
Сауда орталықтары да санитарлық ережелерді сақтап, жұмыс істейді»,-деді.
Шіркеулерде діни рәсімдер санитарлық ережелерді қатаң сақтап өткізілетін болады»,-деп мәлімдеді.
Германияда коронавируспен күресу үшін карантин жарияланып, ауқымды шектеулер қойылғанда наразылық акциялары өтті.
Джонс Хопкинс университетінің статистикасына сәйкес, Германияда 167 мың адамның коронавирус жұқтырғаны расталды.