Германия экономика саласындағы жұмыстарын жандандыруға кірісті
(last modified Thu, 07 May 2020 11:41:37 GMT )
Maм 07, 2020 17:41 Asia/Almaty
  • Германия экономика саласындағы жұмыстарын жандандыруға кірісті

Германия канцлері коронавируспен күресу үшін енгізген бірнеше апталық шектеулерден кейін елде жұмыс орындарын "қайта ашу" жобасын жариялады.

CNN телеарнасының хабарлауынша, Германия канцлері Ангела Меркель: «Әлеуметтік қатынастарға қойылған шектеулер 5 маусымға дейін сақталады. Енді германдықтар өз туған-туыстары және басқалармен кездесе алады.

Сауда орталықтары да санитарлық ережелерді сақтап, жұмыс істейді»,-деді.

Шіркеулерде діни рәсімдер санитарлық ережелерді қатаң сақтап өткізілетін болады»,-деп мәлімдеді.

Германияда коронавируспен күресу үшін карантин жарияланып, ауқымды шектеулер қойылғанда наразылық акциялары өтті.  

Джонс Хопкинс университетінің статистикасына сәйкес, Германияда 167 мың адамның коронавирус жұқтырғаны расталды.