Трамптың «Ортақ қадамнан» шығу шешімі АҚШ халқының қолдауына ие болмады
Иран Сыртқы істер министрлігі сенбі күні таңертең Twitter-дегі парақшасында АҚШ-тың Economist орталығы, J Street, тегі ирандық америкалықтардың қоғамдық қатынастар одағы мен William & Mary институтының сауалнамалар нәтижелеріне сүйеніп: «АҚШ режимі ядролық келісімнен шыққаннан бері екі жыл өтті. Бірақ бірінші жылдан кейінгі сауалнамалардың нәтижелері бойынша, АҚШ халқы мен қоғамы Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуын қолдамады»,- деп жазды.
2018 жылдың тамыз айындағы Economist орталығының сауалнамасы бойынша АҚШ-тың қарапайым халқының 46 пайызы Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу шешіміне қарсылық білдірген. Сондай-ақ, 2018 жылдың қазан айындағы J Street-тің сауалнамасына сәйкес АҚШ еврейлерінің 65 пайызы, 2018 жылдың қараша айындағы тегі ирандық америкалықтардың қоғамдық қатынастар одағы сауалнамасына сай АҚШ-та өмір сүретін ирандықтардың 70 пайызы, William & Mary институтының сауалнама нәтижелері бойынша АҚШ университеттері ұстаздарының 94 пайызы Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына шығу шешіміне қарсылық білдірді.