«Ортақ қадам» бағдарламасынан шыққаннан кейін америкалықтардың тыныштығы артты
(last modified Sun, 10 May 2020 13:38:50 GMT )
Maм 10, 2020 19:38 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» бағдарламасынан шыққаннан кейін америкалықтардың тыныштығы артты

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Помпео Иранға қарсы негізсіз айыптарын қайталап, Вашингтон ядролық келісімнен шыққаннан кейін АҚШ қауіпсіздігінің артқанын мәлімдеді.

Fars News агенттігінің хабарлауынша, Майк Помпео жексенбі күні таңертең Twitter-дегі жеке парақшасында АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан күнінің жылдығына байланысты: «Екі жыл бұрын АҚШ Президенті Дональд Трамп әлемді Иранның ядролық қатігездіктері мен қоқан-лоққыларынан қорғау үшін аталмыш ядролық келісімнен шығу туралы батыл шешім қабылдады»,-деп жазды.

Помпео сарапшылардың пікірлері мен АҚШ-тағы түрлі сауалнамалардың нәтижелеріне қайшы уәждерін жалғастырып: «Біздің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында болған кезімізбен салыстырғанда қазір америкалықтар мен Батыс Азияның тыныштығы артты»,-деді.

Economist-тің 2018 жылдың тамыз айында жүргізген сауалнамасына сәйкес, АҚШ-тың бейбіт тұрғындарының 46 пайызы Трамптың «Ортақ қадамнан» шығу шешіміне қарсылық білдірген болатын.