Еуроодақ Қытаймен оң қатынас жасауды қолдады
Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы әлемдік алпауыт ретінде Қытаймен оң қарым-қатынасты жалғастырып, Еуропаның коронавирусқа ұқсас дағдарыстарға жақсырақ төтеп беруі үшін тиісті шара қабылдауы қажеттігін қуаттады.
Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррель Euro News ақпарат арнасына берген сұхбатында: «Еуроодақ Қытаймен оң қатынасқа ие және осы байланысты сақтауға талпынып жатыр. Қытай әрдайымғы бәсекелес емес. Оған біржақты қарауға болмайды»,-деді.
Боррель соңғы күндері коронавирус дағдарысының әлемдік әсерін ескеріп, елдердің біржақты шара қолданудан бас тартып, көпжақтылыққа негізделген шешім жолдарына бет бұруы қажеттігін және халықаралық ұйымдарды, соның ішінде БҰҰ-ны әлсіретудің орнына, нығайту керектігін айтқан болатын.