Еуропа Иорданның батыс жағалауын Израильге қосу жобасына қатаң жауап беруді сұрады
(last modified Tue, 12 May 2020 14:28:34 GMT )
Maм 12, 2020 20:28 Asia/Almaty
  • Еуропа Иорданның батыс жағалауын Израильге қосу жобасына қатаң жауап беруді сұрады

Франция Еуродақтан Иордан өзенінің батыс жағалауын сионистік режимге қосу туралы заңсыз жоба іске асырылған жағдайда сионистік режимге қатаң жауап беруді талап етті.

Euro Active медиа институтының сайты: «Үш еуропалық дипломат Францияның Еуроодақтан Иордан өзенінің батыс жағалауын   заңсыз аннексиялау жобасы іске асырылған жағдайда Израильге қатаң реакция көрсетуді талап еткендерін жариялады,- деп мәлімдеді. Бұл еуропалық дипломаттар: «Бельгия, Ирландия және Люксембург өкілдері Еуроодақтың жұма күнгі отырысында Иордан өзенінің батыс жағалауын  аннексиялау  жобасы іске асырылған жағдайда Израильге қарсы санкциялар салу туралы пікір алмасты»,- деді.

Еуроодақтың баспасөз өкілі Питер Стато дүйсенбі күні: «Израиль Иордан өзенінің батыс жағалауын аннексиялау жобасын жалғастырса, Еуроодақ жауапсыз қалдырмайды»,- деді.

Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху Иордан өзенінің батыс жағалауы жерлерін аннексиялау келіссіөздерінің шілдеде басталатынын мәлімдеді. Сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауын аннексиялау жобасы палестиналықтарды ғана емес, әлемдік қоғамды реакция білдіруге мәжбүрледі.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш те сионистік режимнің палестиналықтар жеріндегі қалашықтар құрылысын кеңейту талпыныстарына ескерту жасады. 

Британия Сыртқы істер министрлігі басшыларының бірі Джеймс  Клари дүйсенбіде ел Парламентінде: «Британия Иордан өзенінің батыс жағалауын аннексиялауды қолдамайды. Өйткені бұл әрекет Израиль-Палестина шиеленісін күшейтеді»,- деді. Сионистік режим әрқашан әлемдік қауымдастықтың немқұрайдылығы мен АҚШ-тың қолдауына ие болып, қалашықтар құрылысын жалғастырып келеді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 2016 жылдың желтоқсан айындағы №2334 қарарында сионистік режимнен Палестинаның басып алынған жерлеріндегі қалашықтар құрылысын  жылдам әрі толық тоқтатуды талап етті.                                                                                     

 

                                                                                                                                                                                                                                       

   

 

 

Тегтер