Maм 17, 2020 18:20 Asia/Almaty
  • Басып алынған жерлерден Қытай елшісінің мәйіті табылды

Сионистік режимнің ақпарат құралдары басып алынған жерлерден Қытай елшісінің мәйіті табылғанын хабарлады.

Сионистік «Иерусалим Пост» газетінің хабарлауынша, жексенбі күні таңертең 58 жастағы Қытай елшісі Ду Вэйдің мәйіті басып алынған жердегі Герцлия қаласындағы тұрып жатқан үйінен табылды.

Сионистік режим  СІМ басшыларының бірі Қытай елшісінің қаза болғанын растап: «Полиция қызметкерлері Ду Вэйдің үйінде осы оқиғаның себептерін анықтап жатыр»,-деді.

 

Тегтер