Бейжің АҚШ-тың қытайлық студенттерге виза бермеу шешіміне наразылық білдірді
Maм 30, 2020 19:57 Asia/Almaty
Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь АҚШ-тың қытайлық стуенттерге виза бермеу туралы шешім қабылдауына наразылық білдірді.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Чжао Лицзянь сенбі күні: «АҚШ үкіметінің қытайлық студенттерге қарсы қоқан-лоққылары мен оларға виза бермеу үшін шешім қабылдауы Вашингтон уәжденетін азаттық пен айқындылыққа қайшы. Вашингтон қытайлық студенттердің құқықтарын бұзбауы керек, өйткені бұл нәсілдік кемсітушілік пен дискриминация саналады»,- деді. Қытай Сыртқы істер министрлігі Бейжің АҚШ-ты Гонконг пен Тайвань істеріне араласты деп айыптап, оны тоқтатуды талап етіп отырған жағдайда наразылық білдірді.
Тегтер