Маусым 08, 2020 16:06 Asia/Almaty

АҚШ түрмесінен босап шыққан ирандық дәрігер: «Теһран университетімен әріптесіп, обыр ауруына қарсы вакцина жасаумен айналысып жатқан кезде маған «АҚШ санкцияларын айналып өтті» деген айып тағылып, 1 жыл 6 айға түрмеге қамалдым»,-деп мәлімдеді.

Маджид Таһери дүйсенбі күні Теһран университетінің бір топ зерттеушісімен әсіресе әйелдерде болатын обыр ауруына қарсы вакцина жасау саласында әріптестік жасағанына тоқталып: «Бұл зерттеудің мақсаты кәсіби, ақлақтық және ұлттық міндет ретінде өз отандастарымызға, өзіміздей адамдарға көмектесу, ирандықтардың денсаулығын оңалтып, медицина ғылымын дамыту болды»,-деді.

Таһери АҚШ-тың оған таққан айыбының медицина саласындағы санкцияларды «айналып өту» болғанын айтып, Иран үкіметі мен СІМ-нің жауапты тұлғаларына өзінің жағдайына қарайласып, босатылуына көмектескені үшін алғыс айтты.

Иран Сыртқы істер министрінің консулдық, парламенттік және ирандықтардың істері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабер Ансари АҚШ түрмесінен босап шыққан ирандық дәрігерді қарсы алу рәсімінде: «Өкінішке қарай, АҚШ-тың біржақты зұлым санкциялары салдарынан ИИР-ның кейбір азаматтарына қарсы «барынша қысым» саясаты аясында жалған айыптар тағылып, арнайы іс қозғалды»,-деді.

 

Тегтер