Еуроодақ Иранның әуежайларын коронавирустан қорғалған деп жариялады
Еуроодақтың әуе тасымалының қауіпсіздігін сақтау агенттігі Иранның барлық әуежайын коронавирус таралуының алдын алуға шара қолданылған, қауіпсіз әуежайлар деп жариялады.
Euro News ақпарат арнасының хабарлауынша, Еуроодақтың әуе тасымалының қауіпсіздігін сақтау агенттігі (EASA) сенбі күні әлем әуежайларының тізімін жариялап, Иранның барлық әуежайының коронавирустан жақсы қорғалғанын айтты.
Еуроодақтың әуе тасымалының қауіпсіздігін сақтау агенттігінің әртүрлі елдердегі әуежайларды қауіпсіз деп атауының маңызды критерийлерінің бірі – жалпы коронавирус жұқтырғандар мен жазылып шыққандар статистикасы және күн сайын жұқтырғандар санының өсу деңгейі.
Ирандағы Ұлттық коронавирус штабының үйлестіруші директоры Насролла Фатхиан елде коронавируспен күресіп, ауырғандарды анықтау жобасын орындау барысында 72 млн адамға скрининг жасалғанын мәлімдеді.