Зариф Мәскеуге келіп жетті
(last modified Tue, 16 Jun 2020 10:49:17 GMT )
Маусым 16, 2020 16:49 Asia/Almaty
  • Зариф Мәскеуге келіп жетті

Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Ресейдің екіжақты, аймақ пен әлем тақырыптары жөнінде пікір алмасу үшін Мәскеуге келді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бүгін сейсенбі күні ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездеседі.

Зариф жексенбі күні түнде Түркия басшыларымен кездесіп, екіжақты және халықаралық мәселелер жөнінде сөйлесу үшін делегацияны басқарып, осы елге келген болатын.