Исфаһан мен Санкт-Петербург басшылары коронавируспен күрес саласындағы тәжірибелерімен бөлісті
Иранның Исфаһан қаласы мен Санкт-Петербург қаласының өкілдері коронавирус пандемиясының алдын алу, басқару және бақылау саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.
ISNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Исфаһан әкімшілігіндегі халықаралық қатынас және қоғамдық пікір бөлімінің директоры Иман Ходжати Санкт-Петербургпен видео форматта өткен отырыста: «Исфаһан мен Санкт-Петербург COVID-19 ауруына қарсы медициналық тәжірибелерімен бөлісті»,- деді. Ресей Денсаулық министрлігі өкілдерінің бірі Артем Горкин коронавирус пандемиясы кезіндегі зерттеу жұмыстарын орындау үшін әлемдік ынтымақтастықтың қажеттігін қуаттап, коронавирустың алдын алу үшін Ресейдің арнайы орталық құрғанын айтты.