Иран дұшпанның уәждеріне бола өз нысандарының есігін Агенттікке ашпайды
(last modified Fri, 19 Jun 2020 15:38:08 GMT )
Маусым 19, 2020 21:38 Asia/Almaty
  • Иран дұшпанның уәждеріне бола өз нысандарының есігін Агенттікке ашпайды

Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты елшісі Казем Ғарибабади Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің қауіпсіздік саласында елдердің міндеттемелерінің шектеусіз еместігіне тоқталып, Иранның дұшпанның уәждеріне бола өз нысандарының есігін Агенттіктің алдынан ашпайтынын қуаттады.

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Бас директоры Рафаэль Гросси Иранға қарсы уәж айтып: «Теһран екі ядролық нысанын тексеруге рұқсат бермеді»,- деді.

Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты елшісі Казем Ғарибабади бейсенбі күні АҚХА Басқарма кеңесінің видео конференция форматында  өткен кезеңдік отырысында Иранның NTP хаттамасы туралы: «Иран Агенттіктің заңды сұрақ қою, ашықтықты немесе тексеруге рұқсат алу құқығын мойындайды және оның Агенттікке  мүше мемлекет ретінде сенімді дәлелдер мен растайтын құжаттар тапсыруды талап ету құқығын қуаттайды.  Жасырын   немесе барлау қызметі арқылы алынды деген кез келген ақпарат пен оларды сұраныс үшін пайдалану Агенттіктің жарғысына сай келмейді. Сол себепті олар нақты тексеріске әсер етпеуі керек  және   Иранға ешқандай міндеттеме жүктемейді»,- деді. Иран елшісі тексеріс жұмыстарының екіжақты ынтымақтастықты қажет ететінін қуаттап: «Иран АҚХА Бас директоры мен мүшелерін бұл мәселеге қырағылық білдіріп, асығыс шешім қабылдаудан абай болуға шақырады»,- деді. Ғарибабади Иранның 2019 жылы Агенттіктің әлемдік деңгейде жасаған бүкіл тексерістерінің 20 пайызын құрайтын 432 тексерісті қабылдағанын еске салып: «Кез келген саяси ұстаным немесе Басқарма кеңесін теріс пайдалану Иран мен Агенттік ынтымақтастығының қазіргі деңгейін әлсіретеді. Оның салдарлары бұл ұстанымды қолдаушылардың мідетінде»,- деді.