Трамп Иранмен жылдам келісімге келу туралы уәж айтты
(last modified Sun, 21 Jun 2020 10:21:49 GMT )
Маусым 21, 2020 16:21 Asia/Almaty
  • Трамп Иранмен жылдам келісімге келу туралы уәж айтты

АҚШ Президенті өткір сынға ұшыраған Иранға қатысты саясатының сәтсіздікке ұшырауын түсіндіріп, Иранмен жылдам келісімге келуге дайын екенін айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп сенбі күні Оклахома штатының Талса қаласындағы сайлауалды жиынында: «Иран мен Қытай президенттік сайлауда менің бәсекелесім, Демократтар партиясының үміткері Джо Байденнің жеңіске жетуін қалайды»,-деп уәж айтып: «Иранмен жылдам келісімге келуге дайынмын»,-деді.

Бұл жағдайда Ұлыбритания, Франция мен Германия жұма күні АҚШ-тың назарын аудару үшін АҚХА Басқарма кеңесінде Иранға қарсы саяси қарар бекітті.