Еуропалық «үштіктің» Иранға қысымы «Ортақ қадамдағы" міндеттемелеріне қайшы
Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Захарова еуропалық үш мемлекет – Британия, Германия және Францияның АҚХА Басқарма кеңесіне Иранға қарсы қарар ұсынғанын сынап: «Еуропалық «үштіктің» Агенттіктегі Иранға қысымы, сондай-ақ, қайшылықтарды шешу механизмін белсенді ету туралы күдіктері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы елдерінің міндеттемелері жөніндегі уәждеріне қайшы»,- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мария Захарова Қытай мен Ресейдің бұл қарарға қарсы болғанын қуаттап, осы кезге дейін Мәскеудін еуропалық «үштіктен» Иранға қарсы мейлінше қысым көрсету саясатын қолдамауды сан рет сұрағанын мәлімдеді. Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Берлин, Лондон және Париж саясаттарының басты мәселелерінің бірі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қорғау және ондағы міндеттемелерін іске асыру кезеңіне оралу болуына үміт білдірді.