АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін сионистік режимнің қылмыстарына қарсы тиімсіз етіп отыр
(last modified Thu, 25 Jun 2020 12:14:43 GMT )
Маусым 25, 2020 18:14 Asia/Almaty
  • АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін сионистік режимнің қылмыстарына қарсы тиімсіз етіп отыр

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Тахтраванчи Палестинаның бір бөлігін Құдсты басып алған режимнің территориясына қосу жобасын халықаралық заңдарға қайшы, қабылдауға келмейтін әрекет деп атап: «АҚШ сионистік режимді үздіксіз қолдау арқылы БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін осы қылмысқа қатысты тиімсіз етіп отыр»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тахтраванчи сәрсенбі күні  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Палестина туралы отырысында: «Палестинаны басып алу Батыс Азиядағы дағдарыстың басты себебі болып отырған шақта Израиль режимі Палестина жерінің келесі бөліктерін қосып алу арқылы өзінің қылмыстары мен басып-жаншуларының жаңа тарауын ашады.  

Мұндай экспансиялық саясат Батыс Азияның ушыққан жағдайын одан ары шиеленістіріп жібереді. Мұның аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке тигізетін салдарлары ауқымды болмақ»,-деді.