АҚШ-та жүздеген қара нәсілді нәрестенің өлімі – құрылымдық нәсілшілдіктің бір үлгісі
https://itolqyn.com/news/world-i47328-АҚШ_та_жүздеген_қара_нәсілді_нәрестенің_өлімі_құрылымдық_нәсілшілдіктің_бір_үлгісі
Теһранда бейнеконференция арқылы өткен америкалық адам құқығы туралы отырысқа қатысқан америкалық ұстаздар АҚШ-тың Алабама штатында 500 қара нәсілді нәрестенің өлімін бұл елдегі құрылымдық нәсілшілдіктің бір үлгісі деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 28, 2020 17:42 Asia/Almaty
  • АҚШ-та жүздеген қара нәсілді нәрестенің өлімі – құрылымдық нәсілшілдіктің бір үлгісі

Теһранда бейнеконференция арқылы өткен америкалық адам құқығы туралы отырысқа қатысқан америкалық ұстаздар АҚШ-тың Алабама штатында 500 қара нәсілді нәрестенің өлімін бұл елдегі құрылымдық нәсілшілдіктің бір үлгісі деп атады.

АҚШ-тың Джорджия университетінің ұстазы Лакита Бейли сенбі күні кешке өткен отырыста АҚШ-та нәсілшілдіктің жаңа емес, тарихы тереңде жатқан мәселе екенін айтып: «АҚШ-тың саяси-құқықтық және әлеуметтік салаларында, білім беру және медицина жүйелерінде, тұрғын үймен қамту саясаты туралы заңдарында нәсілшілдік байқалады»,-деді.