Ресей халқы Путинның президенттік билігін ұзартуды қолдады
Ресей Конституциясына өзгеріс енгізу референдумы туралы сауалнамалардың нәтижелері ресейліктердің 75 пайыздан астамының Владимир Путинның президенттік билігінің ұзартуын қолдайтындарын көрсетті.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ресей пікірін зерттеу институты (ВЦИОМ) дүйсенбі күні бір аптаға созылған Конституцияға өзгеріс енгізу референдумның бастапқы нәтижелері бойынша, Ресей халқының 76 пайызы Путинның президенттік кезеңің 2036 жылға дейін ұзартуды қолдады. Конституцияға өзгеріс енгізу референдумға қатысушылардың дауысын зерттеу нәтижесі елдің 25 аймағындағы 800 дауыс беру учаскесінде 163124 адам дауыс берді. 23,6 пайыз адам өзгертулерге қарсылығын білдірді. Конституцияға өзгеріс енгізу референдум 12 маусымда басталып, 30 дейін жалғасады.