БҰҰ әлем елдерін Иранмен экономикалық ынтымақтастық етуге жігерлендірді
(last modified Wed, 01 Jul 2020 10:07:35 GMT )
Шіл 01, 2020 16:07 Asia/Almaty
  • БҰҰ әлем елдерін Иранмен экономикалық ынтымақтастық етуге жігерлендірді

БҰҰ Бас хатшысы Қауіпсіздік кеңестің №2231-ші қарарына қатысты соңғы мәлімдемесінде әлем елдерін ИИР-мен экономикалық ынтымақтастық етуге жігерлендірді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Антониу Гуттериш сейсенбі күні ядролық қарудын таралуына тыйым салу тақырыппен өткен Қауіпсіздік кеңестің отырысында Иранның ядролық келісімне байланысты №2231-ші қарардың орындалу үдерісі туралы тоғызыншы мәлімдемесін ұсынды. Бұл мәлімдемеде: «2015 жылдың 14 шілдесінде қол қойылған «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы деп аталған келісім 12 жылдық келіссөздер мен дипломатияның нәтижесі болды»,- деп айтылды. Гутерриш АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы әрекеттеріне тоқталып: «2018 жылдың мамыр айынан АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойылғаннан кейін тоқтатылған барлық санкцияларын қайта енгізді және Иранмен мұнай саудасын жасауға тыйым салды»,- деді.

Басқа жақтан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бұл отырыста Ақ үйдің Иранға қарсы саясаттарының жалғасында: «Иран коронавируспен күресу саласындағы АҚШ-тың ұсынған көмегін қабылдамады»,- деп уәжденді. Помпеоның уәждері халықаралық және адам құқығы ұйымдарының мәліметінше, Ақ үйдің адамгершіліктен жат санкцияларының Иранға қажет дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар жіберуге кедергі болған жағдайда айтылуда.