Қазақстан - Иран үшін трансшекаралық егін шаруашылығының басым бағыты
https://itolqyn.com/news/world-i47376-Қазақстан_Иран_үшін_трансшекаралық_егін_шаруашылығының_басым_бағыты
ИИР-ның Нұр-Сұлтандағы елшісі Қазақстанды Иран үшін экстерриториялық өсірудің басым бағыты деп тапты.
(last modified 2026-01-10T12:01:37+00:00 )
Шіл 02, 2020 15:06 Asia/Almaty
  • Қазақстан - Иран үшін трансшекаралық егін шаруашылығының басым бағыты

ИИР-ның Нұр-Сұлтандағы елшісі Қазақстанды Иран үшін экстерриториялық өсірудің басым бағыты деп тапты.

 

Маджид Самадзаде Сабер сәрсенбі күні бейнеконференция түрінде өткен трансшекаралық егін шарушылығын дамыту стратегиясы бойынша мамандандырылған отырыста: «Қазақстан ауылшаруашылыққа қажет үлкен әрі қолайлы жерлерге ие болуымен бірге жақсы транзиттк жағдайға ие. Бұл елге тауар жеңіл тасымалданады»,- деді. Нұр-Сұлтандағы Иран елшісі Қазақстанның әлемдегі ауылшаруашылық орталықтарының біріне айналуы жөніндегі жобаларына тоқталып: «Бұл ауыл шаруашылығы және ирригация саласындағы білімі мен тәжірибесі бар ирандық компанияларға Қазақстанда ауылшаруашылық жобаларын жүзеге асыруға қатысуға жақсы мүмкіндік»,- деп мәлімдеді.

Самадзаде Сабер сондай-ақ Иран мен Қазақстан университеттерінің ынтымақтастығы туралы хабарлады.