Шіл 02, 2020 17:45 Asia/Almaty
  • Астана үдерісі басшыларының мәлімдемесі  Сирия халқына халықаралық көмекті арттыру қажеттілігін қуаттады

Иран, Ресей және Түркия президенттері Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі, бірлігі мен территориялық тұтастығын қуаттап, халықаралық қоғамнан кемсітушілік, саясаттандыру мен алғышартсыз Сирия халқына көмектерін арттыруды сұрады.

 

ИИР Президенті Хасан Рухани, Ресей Президенті Владимир Путин мен Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған  сәрсенбі күні «Астана үдерісі» басшыларының бейнеконференция түрінде өткен ортақ отырысында: «Сирия дағдарысы әскери жолмен шешілмейді, оны тек БҰҰ-ның бақылауына алынған сириялық тараптардың саяси үдерісі арқылы ғана шешуге болады»,- деп мәлімдеді. Иран, Ресей және Түркия Президенттері Сирияның егемендігі мен территориялық тұтастығын әлсірету мақсатты сепаратистік әрекеттеріне қарсыласу жігерін білдірді. Олар Идлибті тыныштықпен қамтамасыз ету қажеттілігін қуаттап. Сирияның гуманитарлық жағдайы мен COVID-19 пандемиясының әсеріне алаңдаушылық білдірді.  

 

Тегтер