Боррель «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалуды қуаттады; Еуропаның екіжүзді саясаты
Еуроодақ пен Германия, Франция және Британия кіретін еуропалық үштік «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы деп атанған ядролық мәселеге қатысты келісімге маңызды рөль атқарды. Бірақ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан АҚШ шыққан соң аталмыш келісімді сақтап қалу және қаржы алмасу механизмді (INSTEX) іске қосу міндеттемесін орындамады.
Қазіргі кезде еуропалық басшылар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы өзінің теріс әрекеттерін ақтауға кірісті. Бұл салада Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозепп Боррель жұма күні Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтың хатына жауап беріп, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламассын сақтап қалу үшін ынтымақтастық етуге дайындығын жариялады. Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысының сөздері бұл одақ пен еуропалық үштіктін амалдарымен сәйкес келмеді. Еуропалықтар сан рет «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының аймақ пен әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсздігін сақтау саласында маңызды рөл атқарғаны туралы сан рет уәжденіп, бұл келсімді сақтап қалуға бүкіл күшін салу уәде берген болатын. Бірақ Еуроодақ пен еуропалық үштік АҚШ-тың қысымдары және ерік-жігерінің жоқтығынан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін, әсіресе INSTEX деп атанған Иранмен қаржы алмасу механизмін іске асыра алмады. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан АҚШ шыққаннан кейінгі еуропалықтардың ұстанымына жасаған шолу олардың Иранның алдындағы міндеттемелерін іске асыру дәрменсіздігін көрсеттті. Еуропалық үшітк Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін бірте-бірте қысқартуын сылтауратып, Теһранның бұл шешімін сынап, 14 қаңтарда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының қайшылықтарын шешу меахнизмді іске қосып, Иранның міндеттемелерін қысқарту үдерісті тоқтатып, бұрынғы жағдайға қайтаруды талап етті. Еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамаулары Атлант мұхитының екі жағын ымыраға келтірді деген ой туады. Олар Трамп үкіметінің Иранға қарсы мейілінше қысым көрсетуі Теһранды 2018 жылдың мамыр айында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жариялаған 12 баптық жобаны қабылдауға мәжбүрлейді деп ойлады. Иран өзінің ұлттық мүдделері негізінше «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асыруды қабылдап, 4+1 тобының әсіресе еуропалық тарапы бұл келісімдегі өз міндеттемелерін орындайды деп күтуде.