Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі Арменияға ескерту жасады
Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі Арменияға Әзірбайжанның стратегиялық нысандарына шабуыл жасау ықтималы туралы ескерту жасады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Әзірбайжан ақпарат құралдары бұл елдің Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Вагиф Даргяхлыға сілтеме жасап, Әзірбайжанның стратегиялық нысандарына шабуыл жасалған жағдайда, бұл елдің Арменияның электр тоқ өндіретін атом станциясын нысанаға алатыны туралы Ереванға сес көрсеткенін мәлімдеді. Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысының сөзі Арменияның Әзірбайжанның Мингячевир суқоймасын нысанаға алу ықтималы туралы таратылған ақпаратқа реакциясы болды.
Мецамор атом станциясы Ереванның батысында 20 км жерде орналасып, оның күн сайын 408 мегаватт электр тоқ өндіретін екі ядролық реакторы бар және бұл станция Армения электр тоғының 40 пайызын қамтамасыз етеді.