Коронавирустан кейінгі жаңа әлемдік жүйеде Батыстың біржақты үстемдігі жойылады
Иран Сыртқы істер министрі өткен 30 жылда халықаралық сахнада орын алған апатты оқиғалар мен соғыстарға тоқталып: «Коронавирустан кейінгі жаңа әлемдік жүйеде Батыстың біржақты үстемдігіне орын болмайды»,-деді.
Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Теһран университетінің әлемдік зерттеулер факультетінде отандық және шетелдік оқырмандар үшін инстаграм арқылы өткен тікелей сұхбатта 20 ғасырдың маңызды оқиғаларына шолу жасап, Батыстың қақтығыстардың алдын алуға бағытталған саясаттарының сәтсіздікке ұшырағанына тоқталып: «Иран Ислам революциясы мен Қосылмау қозғалысы «қырғи қабақ» соғысынан құтылу үшін жасалған талпыныстар болды»,-деді.
Зариф АҚШ-тың өткен кезеңдердегі әскери салаға жұмсаған қаражаттарына тоқталып: «АҚШ армияға басқа елдер, соның ішінде Ресей, Қытай мен Сауд Арабиясынан көбірек қаражат бөлді, сөйтіп барлық саланы қауіпсіздік мәселесіне айналдырды»,-деді.