Тахтраванчи: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарының қосымшасы
(last modified Fri, 31 Jul 2020 11:31:00 GMT )
Шіл 31, 2020 17:31 Asia/Almaty
  • Тахтраванчи: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесінің №2231 қарарының қосымшасы

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі сәрсенбі күні америкалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын БҰҰ-ға қатыссыз деп атауына реакциясында: «Ядролық келісім – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарының қосымшасы»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Маджид Тахтраванчи Твиттердегі жеке парақшасында: «АҚШ БАҚ-тың күшімен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының БҰҰ-да ешқандай заңды позициясы жоқ деп уәж айтады, бірақ ядролық келісім Қауіпсіздік  кеңесінің №2231 қарарына қосымша ретінде енгізілген. Осы екеуін орындау үшін АҚШ-қа заңды міндеттер жүктелген»,-деп жазды.

Тахтраванчи: «БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесінің №2231 қарарының 2-бабында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуына қолдау білдірілген. Алайда АҚШ өз міндетінен бас тартып отыр»,-деді.