Түркияның F-16 қырғи ұшақтары Әзірбайжан республикасына кірді
Оңтүстік Кавказ аймағында әлі де алаңдаушылық тудыратын ащы оқиғалар орын алып жатыр.
Жауласушы тараптардың адам және қаржылай шығындары ұлғайған сайын аймақтағы тәуелсіз елдердің алаңдаушылығы одан ары арта түсуде.
Әзірбайжан мен Армения әскери күштері түйіскен тұста қақтығыс жалғасып жатқан шақта Түркияның F-16 қырғи ұшақтарының Әзірбайжан республикасына келуі Кавказдағы қақтығыстарға алаңдаушылардың назарын өзіне аударды.
Түркия армиясының F-16 қырғи ұшақтары «Әзірбайжан республикасы мен Түркия бүркіті – 2020» атты екі ел қарулы күштерінің ортақ әскери жаттығуына қатысу үшін Бакуге барды.
10 тамызға дейін созылатын бұл әскери жаттығуда екі елдің қырғи ұшақтары, құрлық және әуе күштерінің дайындығы сыналатын болды.
Түркияның F-16 қырғи ұшақтарының Әзірбайжан республикасына кіруі әскери жаттығуға қатысу мақсатында орын алғанымен әзірбайжан-армян қайшылығының нәтижесіне оң әсер етпейтіні анық, бірақ Ильхам Әлиев үкіметі үшін теріс салдары болатынында күмән жоқ.
Түркияның Әзірбайжан республикасына бұрын‑соңды болмаған деңгейде ықпал етуі және мемлекеттік органдар, тіпті Парламент пен сот органында түрікшіл ағымдарға қарасты саясаткерлердің қызмет етуі өзгерістер үдерісінің үнемі Түркияның мүддесіне қарай ойысуына себеп болып отыр. Мысалы, Әзірбайжан республикасы әлемнің 30 елінен, соның ішінде Түркиядан әскери қару-жарақ сатып алады. Алайда Әзірбайжан саясаткерлері мен ақпарат құралдарының Түркияға тегін жарнама жасауы Анкараның Бакуге қатысты кейбір қате саясаттарының көзден таса қалуына себеп болып келеді.
Әзірбайжан мен Армения арасында 12 шілдеде әскери қақтығыстардың жаңа кезеңі басталғаннан кейін Түркия үкіметі: «Бакудың қасынан табыламыз. Бұл елге кез келген әскери көмек беруден аянып қалмаймыз»,-деп тағы да мәлімдеді.
Шын мәнінде Анкара басшыларының Қарабақ қақтығысы мәселесінде Ереванға қарсы Бакуды жақтап отырғаны бірінші рет емес. Осы қолдауларға қарамастан, Баку басшылары Әзірбайжан республикасы аумағының 20 пайызын Арменияға берді.
Шын мәнінде Анкараның Бакуды қолдауына қарамастан, өткен 28 жылда Әзірбайжан республикасы Армениядан өз жерін қайтарып ала алмады. Бұл арада Түркияның Әзірбайжан мен Арменияға қатысты екі жүзді позиция ұстанып отырғанын айта кету керек.
Жалпы алғанда Түркия армиясының Әзірбайжан республикасындағы әскери жаттығуға қатысуы Армениямен қақтығыста Бакудың мүдделерін қамтамасыз етпейтіні былай тұрсын, қайшылықты жағдайда Ильхам Әлиев үкіметінің қазіргі қиыншылықтарын арттырып жіберуі мүмкін.