Иран мен Ауғанстанның қарым-қатынасын кеңейту қажеттігі қуатталды
ИИР Президенті: «Иран басшылары Ауғанстанмен барлық салада қарым-қатынасты кеңейтуді қалайды»,-деді.
Хасан Рухани сенбі күні Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сұхбатында осы елде бейбітшілік орнатуды бүкіл аймақ үшін бейбітшілік пен тұрақтылық орнатумен бірдей деп атап: «ИИР баянды бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үшін әрдайым Ауғанстан үкіметі мен халқының жанынан табылып келеді»,-деді.
Рухани: «Алдағы айларда Теһранда екі елдің жан-жақты ынтымақтастығы туралы құжатқа қол қойылумен қоса, Хаваф-Герат темір жолын іске қосу екі тарихи оқиға ретінде Иран мен Ауғанстанның достық әріптестігінің тізімінде жүзеге асырылатын болады»,-деді.
Ашраф Ғани да ИИР-ның Ауғанстан үкіметі мен халқын қолдауы мен әріптестік жасауына, соның ішінде Иранда коронавируспен күрес саласында ауған мигранттарға медициналық қызмет көрсетіліп жатқанына алғыс айтып, Иранның Ауғанстандағы бейбітшілік үдерісін қолдауының арқасында аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатылатынына үміт білдірді.