АҚШ пен Израильдің ядролық қару-жарақтары Таяу Шығыс аймағына қатер төндіріп отыр
(last modified Fri, 07 Aug 2020 12:46:04 GMT )
Там 07, 2020 18:46 Asia/Almaty
  • АҚШ пен Израильдің ядролық қару-жарақтары Таяу Шығыс аймағына қатер төндіріп отыр

Иран Сыртқы істер министрі Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы күндерінде АҚШ-тың Хиросима қаласына ядролық шабуыл жасағанына 75 жыл толуына орай Твиттердегі жеке парақшасында қалдырған жазбасында әлемдегі ядролық қорқынышты жою қажеттігін айтты.

Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні: «75 жыл бұрын осындай күнде АҚШ әлемде ядролық қаруды бейбіт тұрғындарға қарсы қолданған жалғыз ел деген жаман атқа ие болды»,-деп жазды.

Зариф сионистік режимнің Батыс Азия аймағында ядролық қарулардың ірі көлеміне ие режимдердің бірі екенін айтып: «Бүгінде АҚШ пен Израильдің ядролық қару-жарақтары біздің аймаққа қатер төндіріп отыр»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі әлем халықтарынан ядролық қару-жарақтарды жасау мен сақтауды доғаруды сұрап: «Ядролық бәсекелестікті тоқтату және «Тараптарды толық жою» доктринасының көзін құртудың кешеуілдетілгеніне біраз уақыт болды»,-деді.