Там 07, 2020 20:35 Asia/Almaty
  • Ресей қарымта зымырандық шабуыл жасайтыны туралы ескертті

Ресейдің Қорғаныс министрлігі осы елге жасалған кез келген шабуылдың ядролық шабуылмен тең саналып, оған қатаң жауап берілетінін ескертті.

Anadolu ақпарат агентігінің хабарлауынша, Ресейдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеме таратып: «Кез келген зымырандық шабуыл ядролық шабуыл саналады, өйткені зымыранның қандай оқтұмсық тасымалдайтынын анықтау мүмкін емес»,-деді.

Ресей Президенті Владимир Путин 2020 жылдың шілде айында жаңа ядролық тежеу саясатын жариялап: «Ресейге қарсы жасалған әскери шабуылға ядролық қарумен жауап беру ықтималы зор»,-деді.

Ресей АҚШ-тың Шығыс Еуропада әскери құрал-жабдықтар орналастыруына реакциясында: «Ресейдің әскери қуаты қорғаныс сипатында. Ол ешқашан бірінші болып басқа елдерге қарсы ядролық шабуыл бастамайды»,-деп ескертті.

Тегтер