Трамп: Егер жеңіске жетсем, Иранмен жылдам келісімге келемін
(last modified Sat, 08 Aug 2020 10:38:17 GMT )
Там 08, 2020 16:38 Asia/Almaty
  • Трамп: Егер жеңіске жетсем, Иранмен жылдам келісімге келемін

АҚШ Президенті алдағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Иранмен келісім жасайтынын айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп жұма күні кешке тілшілерге берген сұхбатында: «Ирандықтар менің қайта президент болғанымды қаламайды. Джо Байденмен келісімге келуді жөн көреді. Алайда егер жеңіске жетсем, Иранмен және тіпті Солтүстік Кореямен жылдам келісім жасаймын»,-деп уәж айтты.

Трамп, сондай-ақ: «Егер Иран мен Қытай Байденмен келісімге келетін болса, АҚШ-қа үстемдік ететін болады»,-деді.

Иран басшылары да кез келген келісімнің Вашингтонның Иранға қарсы жауластық саясатын доғаруына және АҚШ-тың 5+1 келіссөздері аясында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайтып оралуына тікелей байланысты екенін сан рет мәлімдеген болатын.