Ереванда ресейлік қару-жарақтарды Әзірбайжан Республикасына сатуға қарсы шеру өтті
(last modified Thu, 14 Apr 2016 09:07:06 GMT )
Сәу 14, 2016 15:07 Asia/Almaty
  • Ереванда ресейлік қару-жарақтарды Әзірбайжан Республикасына сатуға қарсы шеру өтті

Арменияның астанасы Ереванда жүздеген адам Ресейдің Әзірбайжан Республикасына қару-жарақ сатқаны үшін наразылық білдіріп, шеруге шықты.

France Press ақпарат агенттігінің бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, жүздеген ұлты армян шеруші бейсенбі күні қолдарына плакаттар ұстап, Ресей елшілігінің алдына жиналып, елшілік ғимаратына тиындар мен жұмыртқа лақтырған.

Бұл шеру Қарабақ аймағындағы таяудағы қақтығыстардан кейін орын алды.

Әзірбайжан Республикасы мен Армения Қарабақ аймағының иелігіне қатысты дауласып келеді.

Ресей Арменияның сенімді одақтасы саналады. Ресейдің Арменияда екі әскери базасы бар, бірақ Әзірбайжан Республикасымен де жақсы қарым-қатынасқа ие. Сондай-ақ, Ресей Кавказдағы осы екі елді қару-жарақпен қамтамасыз ететін де негізгі ел болып саналады.

Ресейдің Премьер-министрі Дмитрий Медведев сенбі күні: «Ресей Әзірбайжан Республикасына қару-жарақ сатпаған күннің өзінде олар басқалардан қару-жарақ сатып алады. Бұл мәселе қазіргі тепе-теңдікті бұзуы мүмкін»,-деп айтқан болатын.